Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан қара түтін будақтады

АТЫРАУ. KAZINFORM – Бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан қара түтін будақтады. Енді жергілікті экологтар ауадан сынама алғалы отыр. 

Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан қара түтін будақтады
Фото: видеодан алынған скрин

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Шаһардың ауасына алаңдаған тұрғындар түрлі пікір қалдырды.

Атырау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, зауыттың каталитикалық крекинг қондырғысында іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Бүгін, 29 қазанда апаттық жағдайларды болдырмау үшін іске қосу процесінде технологиялық газды алау жүйесіне қысқа мерзімді жағу жүргізілді. Оқиғаның нақты себептері анықталады. Аталған оқиғаға байланысты Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстарын жүргізеді. Департамент тарапынан қажетті іс-шаралар қолға алынады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу өңдеу зауытында көмірсутек газы ауаға жіберілгенін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар