Атырау облысының білім беру мекемелерінде сабақ офлайн форматта жалғасады

Атырау
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – Бүгін Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бірақ, өңірдің білім беру мекемелерінде сабақ офлайн форматта жалғасады.

Атырау облыстық жедел штабтың мәліметінше, мектептердегі сабақ тоқтатылмайды.

«Бүгін, 7 сәуірде Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Алайда, мектептерде, балабақшаларда сабақ офлайн форматта жалғасады. Колледж, университеттер бойынша тиісті шешімдер қабылданады», - деп мәлім етті облыстық жедел штабтан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында төтенше жағдай жарияланған болатын.  

«Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсы. Оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», - делінген облыс әкімінің шешімінде. 

Сонымен қатар бұдан бұрын Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 мың орын дайындалғанын жазған едік.

Тасқын су қаупі Құлсары қаласының 7 шағын ауданына төніп тұрғанын хабарлаған болатынбыз.

«Теңіз» кенішіндегі вахталық қалашыққа 6,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

 

Соңғы жаңалықтар