Атырау облысында бөгет салып жүрген еріктінің бірін сарышаян шағып алды

Атырау облысында бөгет салып жүрген еріктінің бірін сарышаян шағып алды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында бөгет салып жүрген еріктінің бірін сарышаян шағып алды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сарышаян шаққан еріктіге шұғыл көмек көрсетілген.

«Сарышаян еріктінің сол қолын шағып алды. Еріктіге Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушы-дәрігерлері шұғыл көмек көрсетті. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігімен Атырау қаласындағы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында су тасқынына дайындық қалай жүргізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асты.

Соңғы жаңалықтар