Атырау облысында дала мысығы табиғи ортаға жіберілді

АСТАНА. KAZINFORM — «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Атырау облысында тұрғынның ауласына кіріп кеткен дала мысығын ұстап, мекендейтін жеріне қайта жіберді. 

Атырау облысында дала мысығы табиғи ортаға жіберілді
Фото: видеодан алынған скрин

19 наурыз күні Атырау қаласына қарасты Бірлік ауылында тұрғындардың бірі өзіне тиесілі тауық қорасынан жабайы дала мысығын байқаған.

Оқиға туралы ақпарат «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандарына жедел түрде жеткізілді. Оқиға орнына келген мамандар жабайы жануарды қауіпсіз түрде ұстап алып, оған ешқандай зиян келтірместен табиғи мекен ету ортасына қайта жіберді.

 Жүргізілген тексеру нәтижесінде жануардан құтыру ауруының белгілері анықталған жоқ.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға жабайы жануарларды өз бетінше ұстауға әрекет жасамауды және мұндай жағдайларда бірден тиісті қызметтерге хабарласу қажеттігін ескертеді.

Айта кетелік Шарын ұлттық паркінің аумағында фототұзаққа шибөрі түсіп қалғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар