Атырау облысында суда қалып қойған 65 жылқы құтқарылды

жылқы
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылордалық құтқарушылар Атырау облысында Жайық өзеніндегі мол судың салдарынан аралда қалып қойған 65 жылқыны қауіпсіз жерге шығарды.

жылқылар құтқарылды
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Оқиға кеше, 5 мамырда Атырау облысы Индер ауданына қарасты Есбол ауылы аумағында болған.

құлын
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Жайық өзеніндегі мол судың салдарынан аралда қалып қойған 65 жылқы құтқарылған.

құтқарушы
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

«Оқиғаға байланысты хабар түскеннен кейін Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары дереу жетті. Сол аумақта бес үйір жылқының жүргені анықталды. Олардың саны 65 басты құрайды. Үрлемелі қайықтың көмегімен бес құтарушы жылқыларды қауіпсіз жағалауға шығарды», — дейді Қызылорда облысы ТЖД жедел құтқару жасағының Сүңгуірлік бөлімшенің жетекшісі Ролан Әбдіхалықов.

құтқару
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Департаменттің мәліметіне сүйенсек, су тасқыны болған аймақтарда қызылордалық 98 құтқарушы тәулік бойына қызмет атқарып келеді.

жылқы
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Бүгінге дейін олар Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында құтқару жұмыстарына белсене қатысты. 

жылқы
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

 

Соңғы жаңалықтар