Атырауда АИТВ-ны қасақана жұқтырды деген күдікпен екі адам ұсталды

АТЫРАУ.KAZINFORM — Атырау қаласында 23 және 28 жастағы екі азамат ұсталды. Олар 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап өздерінде АИТВ инфекциясының бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, трансгендер адам ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.

АИТВ
Фото: ДСМ

Жедел іс-шараны Атырау облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

— Аталған дерек бойынша өзінде бұл аурудың бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру — ауыр қылмыс. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, жәбірленушілер анықталып жатыр.
Осыған дейін Алматыда полиция мефедронның заңсыз айналымын тоқтатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум