Атырауда екі жылда әйелдерге қарсы 15 қылмыс жасалған

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда соңғы екі жылда отбасында зорлық-зомбылыққа қатысты 5 мыңға жуық құқық бұзушылық жасалғаны анықталған. Ал, әйелдерге қарсы 15 қылмыстық іс тіркелген. 

«Арзан ыдыс-аяқ алып беремін»: Маңғыстаулық әйел тұрғындарды алдап, 3 млрд теңге жинаған
Фото: pixabay.com

Атырау қалалық полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Әйгерім Орақбаеваның айтуынша, мұнайлы шаһар дағдарыс орталығы, Жылыой мен Құрманғазы ауданында арнайы кабинет ашылған.

«Отбасындағы зорлық-зомбылық азаймай отыр. Мәселен, Атырауда соңғы екі жылда осындай 5 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды. Осыған байланысты 4 770 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1 және 73-2-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 3145 адамға қорғау нұсқамасы шығарылды. Әйелдерге зәбір көрсетуге қатысты 15 қылмыстық іс қозғалды. Қорғау нұсқамасын 1 ай ішінде бұзып, агрессиялық мінез-құлқын көрсеткен 196 адам аталған құжаттың 461-бабына сәйкес жазаланды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір айда дағдарыс орталығына 4 әйел мен 11 бала орналастырылғанын хабарлаған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар