Атырауда көлікке соғылған мопедтің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда мопед пен көлік соқтығысты. Жол апатының салдарынан мопедтің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 22 маусымда сағат 23:17 шамасында болған.
«Атырау қаласының маңындағы Водник шағын ауданында орналасқан минимаркеттің тұсында маркасы Kia Sportage автокөлігі мен мопед соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан мопедтің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Көз жұмған марқұмның жасы – 20-да», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің кінәсінен 17 жол оқиғасы болғанын жазған едік.
Сондай-ақ, Құлсары қаласында мопедпен көлікке соғылған 15 жасар жеткіншектің анасы айыппұл төлегенін хабарлаған болатынбыз.