Атырауда жанармай бекетіндегі жарылысқа кінәлі адам 40 млн теңге өтемақы төлейді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Былтыр Атырау облысының Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы «Ниет» жанар-жағармай құю бекетінде болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы инстанциядағы сот үкімі шықты.

Атырауда жанармай бекетіндегі жарылысқа кінәлі адам 40 млн теңге өтемақы төлейді
Фото: видеодан скрин

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, бас бостандығынан айыру және моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.

Атырауда жанармай бекетіндегі жарылысқа кінәлі адам 40 млн теңге өтемақы төлейді
Фото: видеодан скрин

Сот отырысында судья айыпталушының кінәсі дәлелденгенін айтып, шешімді жариялады. Айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 281 бабы 3 бөлігі (Жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Атырауда жанармай бекетіндегі жарылысқа кінәлі адам 40 млн теңге өтемақы төлейді
Фото: видеодан скрин

- Сондай-ақ 3 жыл мерзімге өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза қолданылсын. «Ниет ЛТД» ЖШС-нен жәбірленушілердің пайдасына моральдық өтемақы өндірілсін», — деді судья Ардақ Төлебаева.

Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

Сот шешіміне сәйкес, осы жарылыс салдарынан көз жұмған ерлі-зайыптының төрт баласының әрқайсысына 10 миллион теңгеден моральдық өтемақы төлеу міндеттелді.

Атырауда жанармай бекетіндегі жарылысқа кінәлі адам 40 млн теңге өтемақы төлейді
Фото: Атырау облысы әкімдігінен, екінші сурет авторы

Тергеу деректерінде №3 газ құю станциясы аумағындағы 25 текше метрлік сұйытылған газ резервуары техникалық тұрғыдан куәландырылмаған және заң бойынша тіркелмеген, сондай-ақ қауіпті ретінде есепке алынбағаны белгілі болды.

Жәбірленуші тарап өкілі Ақан Хабдешев моральдық өтемақы мөлшеріне келіспейтінін білдіріп, апелляциялық шағым түсірілетінін айтты.

- Біз бас бостандығынан айыру жазасымен келісеміз. Бірақ моральдық өтемақы көлемі өте аз деп есептейміз, — деді ол.

Оқиға салдарынан ерлі-зайыпты қаза тауып, төрт бала ата-анасыз қалған. Жарылыс кезінде алты көлік өртеніп, үш бірқабатты және бір екіқабатты ғимарат бүлінген. Апат аумағы шамамен 400 шаршы метрді қамтыған.

Атырау облысы әкімдігінен, екінші сурет авторы
Фото: Нұрбибі Теміртасова /Kazinform

Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар департаменті жанармай бекетінде жарылыстың себебін айтты.

Еске салайық, 30 мамырда сағат 18:45 шамасында Құлсары қаласындағы жанармай бекетінде жарылыс болып, 14 адам зардап шекті. Оның 2-еуі қайтыс болды.