Атырауда жасыл желекке күтім жасау конкурсына қатысушылардың құқығы шектелген

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда жасыл желекті күтім жасау конкурсына қатысушылардың құқығы шектейтін талаптар болған.

Әл-Фараби даңғылын көгалдандыру жұмыстары неге түнде жүргізілмейді – әкімдік жауабы
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен хабарлады. 

— «Атырау қаласының жасыл желектеріне күтім жасау» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша конкурс ұйымдастыру кезінде бәсекелестік қағидаттары бұзылған. Осыған байланысты жүргізілген тергеп-тексеру барысында Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы дайындаған конкурстық құжаттамада әлеуетті жекеменшік әріптестердің қатысуын шектейтін негізсіз талаптар болғаны анықталды. Басқарма тарапынан әлеуетті қатысушылардың құқықтарын шектейтін және нарықтағы адал бәсекелестікке кедергі келтіретін конкурс шарттары белгіленген, — деп хабарлады жергілікті департаменттен.

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының шешімімен басқарманың әрекетінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзылды деп танылған. Сот департаменттің құқықтық ұстанымы мен бұйрығын қолдады. 

— Сот алқасы басқарма басшылығы мен «Atyrau Innovations» ЖШС атына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша конкурстық құжаттаманы дайындау кезінде осындай бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауды ұйғаратын жеке ұйғарым шығарды. Осылайша басқа да әлеуетті жекеменшік әріптестер үшін «Атырау қаласының жасыл желектеріне күтім жасау» жобасы бойынша конкурсқа қатысуға қолжетімділікті шектейтін тосқауыл жойылды. Бұл өңірде осындай жобаларды іске асыруға бәсекелестік, ашықтық және тең қолжетімділік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді, — деп мәлім етті департаменттен.

Еске сала кетейік, бұған дейін экологиясы нашар Атырау облысында жасыл желек өсіру жайын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар