Атырауда Жайық өзеніне түсіп кеткен екі жасөспірім құтқарылды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласында екі жасөспірім Жайық өзеніне түсіп кеткен. Жасөспірімдерді полицейлер мен төтенше жағдай департаментінің сүңгуірлері құтқарып қалды.

Жайық
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға бүгін, 7 наурызда сағат 18:30 шамасында болған. 

Жасөспірімдердің Жайық өзеніндегі мұз ойығына түсіп кеткенін алдымен Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері байқап қалған. Полицейлер жасөспірімдерге арқан жеткізіп, құтқаруға тырысқан. 

Атырау
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері жетіп, жасөспірімдер жағаға шығарылды. Жасөспірімдерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Кейін Жайық өзеніне түсіп кеткен жасөспірімдердің екеуі де 2007 жылғы екені анықталған. 

«Су айдындарындағы мұз күртік қардың астындағы ойық көрінбейді. Жағалауда, жарқабақтар мен жылғалардың құйылысы жұқарып, еруіне байланысты адам өміріне қауіп төндіретінін ескеру керек», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын жол апатынан зардап шеккен үш жасөспірімнің екеуі жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар