Атырауда жоғарғы қабаттан құлаған 2 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

АТЫРАУ. KAZINFORM — Бүгін Атырау қаласында тағы бір тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлады. Қазір 2 жасар бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

бала құлады
Фото: ТЖМ

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін, 26 қыркүйекте болған. 

«Түскі сағат 12:43–те жедел жәрдем стансасының диспетчерлік пультіне кішкентай баланың терезеден құлауына байланысты шақырту түсті. Жедел жәрдем „Модерн Сити“ тұрғын кешеніндегі 15г үйдің терезесінен құлаған баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Жарақат алған бала 2022 жылы туған. Баланың жағдайы өте ауыр. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған 3 жасар сәбидің жағдайы ауыр екенін хабарлаған едік. 

Сондай-ақ, Атырауда жыл басынан бері 9 бала терезеден құлап, екеуі көз жұмғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар