Атыраудағы Пшон атты иттің өлімі: Полиция қылмыстық іс қозғады

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында бір апта бұрын Пшон атты итті атып кеткен. Ит үйдің ауласына келіп, кейін өліп қалған. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды.

 Ит
Фото: Зәмзәгүл Жаңабаеваның жеке мұрағатынан

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазір тергеу басталған. 

– Әлеуметтік желіде 28 қараша күні Махамбет ауданының Сарытоғай ауылынан бейнежазба тарады. Желіде таралған дерекке қатысты жануарларға қатыгездікпен қарау бабымен қылмыстық іс тіркелді. Қазір аталған оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, көктемгі су тасқыны кезінде Атырауда ит те бөгет салуға көмектесіп жүргені хабарланған болатын. 

Иттің иесі Зәмзагүл Жаңабаева Пшонды күшік кезінде асырап алған. 

– Менің итім қабаған емес еді. Бұралқы иттермен ырылдасып, төбелеспейтін. Тек бөтен иттің аяғының үстінен басып, сесін ғана көрсететін еді. Ал, адамдарға да, малға да үрмейді. Тіпті үйге келген адамға абалап үргенін көрген емеспіз. Жуас болғанымен, өзімізге сенімді серік болған еді. Көктемде көп адамның арасында қап тасып жүргенде, әкімдік мамандары «Иттің құжаты бар ма, сырғасы қайда?» деп неге айтпады? Енді құжаты жоқ екенін сылтауратып, атуға тапсырыс беріп отыр, - деді Зәмзагүл Жаңабаева. 

Бүгін ол күшік кезінен асыраған итім Пшон қабаған емес екенін айтып берді.

Соңғы жаңалықтар