Атырауға шетелдік жұмыс күшін тартуға 5 115 квота бөлінген

Атырау облысына биыл шетелден жұмыс күшін тарту үшін 5 115 квота қарастырылып отыр, деп хабарлайды Kazinform.

шетелдік жұмыс күші
Фото: freepik.com

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, квота бірнеше санат бойынша және маусымдық жұмысқа бөлінеді.

«Атырау облысына шетелден жұмыс күшін тартудың үш санаты бар. Мәселен, биыл І санат бойынша 69, ІІ санат үшін 865, ІІІ санатқа 3 481 квота бөлу қарастырылды.  Маусымдық жұмыстарға 700 квота бөлінді», - деп мәлім етті Азамат Мәмбетов. 

Оның дерегіне сүйенсек, Қазақстанға тұрақты тұруға ниетті қандастарға көмек көрсету жоспарланып отыр. Биыл мұнайлы өңірге 237 қандас көшіп келуі мүмкін.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында уақытша тұруға рұқсат берілген шетелдіктер қатары көбейген еді. 

Былтыр Атырау облысында маусымдық жұмысқа келген 660 шетелдікке рұқсат берілгенін хабарлаған болатынбыз. 

Сондай-ақ, былтыр Атырау облысына шетелден 272 этникалық қазақ көшіп келгенін жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар