Атыраулық құтқарушылар өртенген үйден 40 адамды сыртқа аман шығарды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласы, Авангард-4 ықшамауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар 40 адамды сыртқа аман-есен шығрды, деп хабарлайды ТЖМ.

Атыраулық құтқарушылар өртенген үйден 40 адамды сыртқа аман шығарды
Фото: Kazinform

– Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Автосатының көмегімен және баспалдақ маршы арқылы 10 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Сонымен қатар 30 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды, – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда өрт толығымен сөндірілген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Яғни құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында салдары аса ауыр жайттарға жол берілмеді.

Айта кетейік, қарағандылық құтқарушылар батпаққа батқан екі жасөспірімді аман алып шықты.