Атыраулық отбасы ісі: күдіктілер шетелден жақын арада қайтарылады

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген ерлі-зайыптыны Индонезиядан қайтару жақын арада жүзеге асатынын айтты.

Грузияда адам өлтірмек болған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Фото: polisia.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер күдіктілерді шетелден қайтару мерзімі мен аталған отбасының жолғалған тағы екі мүшесін анықтау мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды.

- Жақын арада екі күдікті Индонезиядан Қазақстанға жеткізіледі, яғни осы айда алып келеміз, - деді С. Әділов.

Сонымен қатар ол бұл отбасының екі ересек баласын іздестіру әлі жалғасып жатқанын айтты.

- Арнайы тергеу тобы құрылды және олар Атырау облысында жұмыс істеп жатыр, - деді министрдің орынбасары.

Еске салсақ, Жангелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңына белгісіз жағдайда жоғалып кеткен еді.

6 қаңтарда Атырау облысы аумағынан жоғалған отбасының екі мүшесінің — отағасы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиеваның денесі сарайдан табылды.

9 қаңтарда Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиев екені ресми түрде анықталды.

Сонымен қатар, Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдікті Индонезияда ұсталғаны мәлім болды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум