АТОМ жобасы ядролық сынақ құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алуға шақырды

«Біз әлемнің барлық елдерін жергілікті уақытпен сағат 11.05-те бір минуттық үнсіздікпен еске алу шарасын жасауға шақырамыз», - деп мәлімдеді АТОМ жобасының Құметті Елшісі Кәріпбек Күйіков.
Жоба сайтында жарияланғандай, 11.05 уақыты сағат тілі бұл уақытта «жеңіс» дегенді білдіретін (ағылшынша"victory") "V" таңбасын көрсететіндіктен, таңдалып алынған.
БҰҰ-ының халықаралың ядролық сынаққа қарсы әрекет күні 2009 жылдың 2 желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясының 64-інші сессиясында қабылданған бәтуаластықпен бекітіліген.
Қарар Қазақстанның басқа да елдермен бірлесе жасаған бастамасымен Президент Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстандағы әйгілі 456 ядролық жарылыс жасалған Семей ядролық сынақ полигонын жабу жөніндегі тарихи шешімі қабылданған 1991 жылдың 29 тамызымен тұспа-тұс келді.
АТОМ жобасы (Abolish Testing, Our Mission - «Сынақты Болдырмау - Біздің Миссиямыз») - бұл 2012 жылы іске қосылған ядролық сынаққа түбегейлі тыйым салуға және жалпы ядролық қарудың жойылуына ғаламдық қолдау көрсету мақсатын көздейтін халықаралық науқан.