03:18, 25 Шілде 2015 | GMT +5
Атырау әуежайында ұрланған мұнай компаниясының қызметкері босатылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ІІД полицейлері адам ұрлаушыларды ізін суытпай ұстады. Ұрланған босатылды, ал ұрлағандар тұтқындалды.
«Өткен сәрсенбі, 22 шілдеде Атырау облысы ІІД жедел басқару орталығына ер адам қоңырау шалып, кезекші операторға өзінің танысын «Атырау» халықаралық әуежайында белгісіз біреулердің ұрлап әкеткендігін хабарлаған. Шағымданған жанның айтуынша, белгісіз екеу оның автомашинасына Астана тұрғыны, Атырауда қызметтік іссапармен жүрген мұнай компанияларының бірінің қызметкерін күштеп отырғызған да көлікті айдап әкеткен. Ұрлаушылар оны тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан.
Полицияның барлық шұғыл қызметіндегілердің жедел де жіті қимылының арқасында ұрлаушылар қолға түсті. Олар: 1991 және 1984 жылғы Атырау тұрғындары тергеу оқшаулағышына қамалды. Соталды тергеу басталды»,-деп хабарлады өңір ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.