07:52, 22 Ақпан 2013 | GMT +5
Атырау облысы әкімінің есебін аймақ тұрғындары тікелей эфирден көреді
АТЫРАУ. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Атырау облысыныі әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің атқарылған жұмыстар және болашаққа жоспарлар туралы есебін аймақ тұрғындары бүгін «Қазақстан-Атырау» телеарнасының тікелей эфирінен көреді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, есеп Атыраудың адамдар көп жүретін жерлеріне орнатылған бірнеше үлкен мониторлар арқылы таратылады. Есеп берілгеннен кейін кез келген залдағы қатысушы облыс әкіміне өз сұрағын қоя алады.