Атырау облысында 100 келіге жуық бекірені заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды

Облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, «Бекіре – 2022» көктемгі іс-шарасы өтіп жатыр.
«Іс-шараның мақсаты – бекіре тұқымдас балық түрлерін заңсыз аулап, тасымалдауға жол бермеу. Кеше Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы тас жолдың бойында «Datsun» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан 100 келіге жуық бекіре тұқымдас балықты тәркіледі. Қазір бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған 1979 жылғы жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 2-бөлігі, 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды», -дейді Нұрхат Оразбаев.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілінен тапанша тәркіленген болатын.