Атырау облысында 24 жастың бизнес жобасына 77 млн теңге қайтарымсыз грант берілген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 24 жастың бизнес жобасына 77 млн теңге қайтарымсыз грант берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, былтыр 49 жас «Бизнестің Жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы 49 жас несие алған.

«Атырау облысында былтыр 24 жас кәсіпкердің бизнес жобасына 77 млн теңге қайтарымсыз грант берілді. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет есебінен 55 жас маман бюджеттік несие алды. Ал, 130 жас маманға көтерме жәрдемақыға ие болды. Биыл «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 49 жас маманға бюджеттік несие, 100 жас маманға көтермеақы берілетіні күтіліп отыр», -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 6 798 адам жұмыссыз ретінде тіркелгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар