Атырау облысында 72 тонна мұнай өнімдерін Ресейге заңсыз өткізбек болған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында полицейлер 72 тонна мұнай өнімдерін Ресейге заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті.
None
None

«Қазақстан - ресей шекарасында үш автоцистернаға құйылған мұнай өнімдерін өткізбек болғандар қолға түсті. Оларды ұстауға мұнайдың қайдан шыққаны жөніндегі құжаттың жоқтығы негіз болды. Қазіргі уақытта химиялық сараптаманың көмегі арқылы мұнайдың қай кеніштен екендігін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр»,-деп ақпараттандырды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мухтарова.

Соңғы жаңалықтар