Атырау облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жалғасуда

АТЫРАУ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда облыс активінің қатысуымен облыс мәслихатының кеңейтілген сессиясы өтті. Онда облыс әкімі Бергей Рысқалиевтің Атырау облысының 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2009 жылдың міндеттері туралы есебі тыңдалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жалпы алғанда, жергілікті атқарушы биліктің өткен жылғы жұмыстары жемісті деп бағаланды. Облыс өткен жылы инвестициялық тартымдылығын сақтап қалды. Инвестиция көлемі 834 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 3,3%-ға артық. Өнеркәсіп өндірісі 2 триллион 149 миллиард теңгеге жетті, көрсеткіш бұрнағы жылмен салыстырғанда 733 миллиард теңгеге өсе түскен. Мәслихат сессиясында атап өтілгендей, әлеуметтік, құрылыс салаларындағы жетістіктер өте жоғары. Жыл ішінде 500 мың шаршыметр тұрғын үй, 4 мектеп, 4 дәрігерлік мекеме, бірнеше балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ондаған елдімекен тұрғындарының табиғи газды тұтынуға қолдары жетті. Екінші буындағы Теңіз зауытының құрылысы біткеннен кейін, қысқартуға ілігіп қалған 12 мың қазақстандықты қайта жұмысқа орналастыру мәселесінің де түйіні сәтті шешілді. Жұмыссыздардың бір бөлігі «Аджип ККО» мердігерлік мекемесіне орналастырылса, қалғандары қайта оқуға немесе біліктілігін жетілдіру курстарына бағытталды. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Бергей Рысқалиев биылғы жылы да бюджеттің әлеуметтік міндеттерді орындауға бағдарланатынын баса айтты. Екі ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету және жол құрылысы жұмысы жалғаса береді, жыл ішінде Жайық өзенінде үш көпір пайдалануға беріледі.
Соңғы жаңалықтар