Атырау облысында браконьерлерден 134 келі бекіре тәркіленді

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Нұрлыбек Өтениязовтың мәліметінше, 10 қыркүйектен бері 102 құқық бұзушылық дерегі тіркелген.
«Өңірде «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңі 10 қыркүйекте басталған еді. Оған жергілікті полиция, тергеу, криминалдық басқармалары, балық қорына қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылып отыр. Бұл іс-шараның мақсаты – браконьерліктің жолын кесу. Бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, жолын кесуге бағытталған. Іс-шараның күзгі кезеңі басталғаннен бергі 17 күнде 102 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде балық аулау ережесін бұзуға қатысты 97 дерек, 1-уі балық өнімдерін сату, ал, 4-еуі балық өнімдерін тасымалдаумен байланысты болып отыр», -дейді Нұрлыбек Өтениязов.
Аға инспектордың айтуына қарағанда, анықталған құқық бұзушылардан 358 келі балық тәркіленген. Оның ішінде 134 келі бекіре тұқымдас балық бар. Сондай-ақ, 74 балық аулау құралы алынған. Әкімшілік жауапкершілікке 97 адам тартылған.
«Бекіре-2022» іс-шарасының күзгі кезеңі 31 қазанға дейін жалғасады.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында он күнде балық аулау ережесін бұзған 74 дерек тіркелгенін