Атырау облысында маусымдық жұмысқа келген 660 шетелдікке рұқсат берілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында маусымдық жұмыстарға келетін шетелдіктерге 800 квота бөлінді. Осы кезге 660 шетелдікке рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің дерегіне сүйенсек, былтыр маусымдық жұмыстарға тартылатын шетелдіктерге 381 квота бөлінген.

«Біздің негізгі мақсатымыз – жыл сайын шетелдік жұмыс күшін азайтып, жергілікті адамдарды жұмыспен қамту. Былтыр жергілікті шаруагерлер ауыл шаруашылығы үшін еңек мигранттарын жұмысқа тартуға рұқста алды. Биыл шетелдік жұмыс күшінің маусымдық қызметі үшін бөлінетін 800-ге көбейтілді. Жергілікті шаруагерлердің ұсынысы ескеріліп, осындай шешім қабылданды. Өйткені, шаруа иелерінің айтуынша, ауыл шаруашылығы, егін жұмыстарына жергілікті азаматтар ынта танытпайды екен. Маусымдық жұмыстар басталғалы еңбек мигранттарына квота шеңберінде 660 рұқсат берілді», -деп хабарлады Азамат Мәмбетов.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы маусымдық жұмыс 15 ақпанда басталып, 15 қазанға дейін жалғасады. Ал, жылыжайдағы жұмыс жыл бойы жүргізіледі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында уақытша тұруға рұқсат берілген шетелдіктер қатары көбейгенін хабарлаған едік.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы жыл басынан бері 17 337 шетелдікке уақытша тұруға рұқсат берілген.

Оның ішінде 2 514 адам алыс шетелдерден келгені анықталған. Сондай-ақ, ТМД елдерінен келген 14 823 адам тіркелген.


Соңғы жаңалықтар