Атырау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Атырау облысы ТЖ департаментінің ұжымына және жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне ТЖД жаңа бастығымен таныстырды.
None
None

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №70 жеке құрам бойынша бұйрығының негізінде Атырау облысының ТЖД басшысы лауазымына өртке қарсы қызмет полковнигі Сағынбек Сиратұлы Өмірзақов тағайындалды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.

Ол бұған дейін Қызылорда облысының ТЖД-ін басқарған болатын.

В.Божко С.Өмірзақовты сауатты, жауапты әрі ынталы маман, сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, табанды және талапшыл басшы, ұжымды шебер жұмылдыра білетін жетекші ретінде таныстырды.

С.Өмірзақов өртке қарсы қызмет органдарында 1997 жылдан бастап қызмет атқарады. Атырау облысының тумасы, басшылық лауазымдарда қызмет атқару тәжірибесі мол. 2010-2013 жылдар аралығында Атырау облысының ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған болатын.

Өз қызметін адал атқарғаны үшін өртке қарсы қызмет полковнигі Сағынбек Өмірзақов 2013 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың арнайы Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Сонымен қатар С.Өмірзақов төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік жүйені дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ, ІІ, І дәрежелі медальдармен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» кеуде белгісімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар