Атырау облысының тұрғыны пластик ыдыста есірткі өсірген
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл дерек Мақат ауданында анықталған.
«Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 17 қарашада «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді тұрғылықты мекен-жайында заңсыз өсірген 39 жастағы тұрғынды анықтады. Мақат ауданында тұратын күдікті үйінде пластик ыдыста есірткі өсімдігін өсіріп келген» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру дерегімен ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында қарасора өсіретін плантация жойылғанын хабарлаған едік.