Атырау тұрғындары ыстық судағы жағымсыз иіске шағымданды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау тұрғындары ыстық судағы жағымсыз иіске шағымданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бұдан бұрын Атырауда 23 қыркүйекке дейін ыстық су беру тоқтатылатын жазған едік.

Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, шаһардағы барлық жылу пунктінен ыстық су беруді 12-23 қыркүйек аралығында толық тоқтатуға шешім қабылданған. Бұған қала аумағындағы магистралдық жылу желілерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілуі себеп болды. Ал бүгін шаһардың кейбір бөлігіндегі тұрғын үйлерге ыстық су берілді.

Алайда, Атырау қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде ыстық судан жағымсыз иістің шыққанын жазып жатыр.

«Соңғы бірнеше күнде Жайық өзенінен алынған суға қалыпты нормадан асырмай, реагент қосылады. Суды тазарту нысандары зертханасында сағат сайын бақылау жүргізіледі. Суға қосылған дезинфекциялық реагенттердің артық мөлшері анықталған жоқ», - деп хабарлады «Атырау облысы Су арнасы» КМК-ның баспасөз қызметінен.

Енді 27-29 қыркүйек аралығында магистральды жылу желілеріне жоғары қысыммен сынақ жүргізу көзделген. Осыған байланысты «АтырауЖылуОрталығы» АҚ жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сынақ кезеңінде магистральдық құбырларға жақындамауды, жылу желілері учаскелерін тексеріп жүрген қызметкерлердің нұсқауларын орындауды ескертіп отыр.


Соңғы жаңалықтар