Атырау тұрғыны полицияға «суға секіріп өлемін» деп жалған хабар берген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының тұрғыны «суға секіріп, өлемін» деп, полицияға жалған хабар берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ал, «102» операторына 22 мамырда сағат 12:30 шамасында белгісіз ер адам қоңырау шалған.

«Ол ертең суға секіріп, өлемін» деп хабар берген. Арызданушының бұл хабары полиция қызметкерлерінің алаңдатушылығын туғызды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жедел тексеру жүргізді. Нәтижесінде полицияға жалған хабар берген Атырау қаласының 33 жастағы тұрғыны анықталды. Ол қалжың үшін полицияға телефонынан орта дәрежелі масаң күйде қоңырау шалғанын мойындады», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 438-бабының 1-бөлігімен (мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) әкімшілік хаттама толтырылып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері полицияға 18 жалған хабар қоңырау түскен.


Соңғы жаңалықтар