Атырауда 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған 78 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оның ішінде 12 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 2 922 төсек-орны бар инфекциялық стационарларда 1 420 науқас емделу үшін оқшауланған.

«Өңірдің инфекциялық стационарларындағы жүктеме – 48,6%. Ал, инфекциялық стационарлардың 114 орынға есептелген жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 78 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 12 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме 68,4%-ды құрап отыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жағдайы ауыр 78 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар