Атырауда 14 жастағы жасөспірім қызды көлік қағып кетті

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше, 31 қаңтарда болған.
«Таңертеңгі сағат 09:30 шамасында Атырау қаласындағы С.Бейбарыс даңғылында орналасқан «Дина» базарының тұсында «ВАЗ – 21154» көлігі 14 жастағы қызды қағып кетті. Көлік рулінде 22 жастағы жігіт болған. Көлік қаққан жасөспірім жедел жәрдем
көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, биылғы қаңтар айында 15 адамды көлік қағып кеткен. Оның ішінде 12 дерек реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінде тіркелген. Ал, 3 адамды жолдың жаяу жүргіншілерге арналмаған тұсынан өткен кезде қаққан.
Жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге жол бермеген 100-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, екі адам
ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.