Атырауда 4 мыңнан астам жаяу жүргінші жазаланды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жолдың белгіленбеген тұсынан өткен 4 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 4 мыңнан астам жаяу жүргінші жазаланды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласында жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге арналған өткелін көре тұра одан тыс жерден өткен 4000-ға жуық адам анықталған.

«Жолда жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 615-бабымен (Жаяу жүргіншілерге арналған өткелін көре тұра тыс жерден өткені үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 834 теңге айыппұл

салынды. Ал жаяу жүргіншілерге жол бермеген 731 көлік жүргізушінің әрқайсысы аталған кодекстің 600-бабымен (Жаяу жургіншілерге арналған өткелінен жаяу жүргіншілерге жол

бермеу) 29 170 теңге көлемінде айыппұл төледі. Жыл басынан бері жол бойында жаяу жүргіншінің салдарынан 33 жол-көлік оқиғасы болды. 3 адам қаза тауып, 30 адам әр түрлі дене жарақатын алды», -дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Оның мәліметінше, 10 адам жолды жаяу жүргіншілерге​ арналмаған жерден өткен кезде жарақта алған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда автобус қаққан жаяу жүргінші көз жұмғандығын хабарлаған болатынбыз.