Атырауда Батыс Қазақстан қоғамдық келісім кеңестері мүшелерінің отырысы болып өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында Қазақстанның батыс аймақтарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестерінің отырысы болып өтті. Ол 5 маусымда Ақтөбеде болған лаңкестік әрекеттер кезінде қаза болған әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындарды еске алу үшін жарияланған үнсіздік минутынан басталды.

«Деструктивті күштер біздің еліміз ерекшеленген және ерекшеленіп отырған келісім мен бейбітшіліктің беріктігін тексеріп жатыр. Бірақ біз бірігіп, сырқты қауіп-қатерлерге төтеп беру үшін бұл игілігімізді сақтап қаламыз», - деді отырыс қатысушыларына арнаған сөзінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар өкілдері, еңбек ардагерлері бірінші кезекте қоғамдық келісім кеңестерінің қарауына шығарылуы тиіс маңызды проблемаларды талқылады. Жұмыс тәжірибесімен бөліскен кеңес басшыларының есептері тыңдалды.

«Қоғамдық кеңестерге диалогтық алаңдар рөлі жатқызылып отыр. Күн тәртібінде қандай өткір мәселе тұрғанына қарамастан, ол қоғамдық кеңестердің қарауына шығарылуы тиіс екені сөзсіз.

Қажеттілік туындаған жағдайда қоғамдық кеңестер кепілдемелік сипаттамада болып қана қоймауы керек. Шешімдер аудандар деңгейіне, облыстық атқарушы билігінің деңгейіне шығарылуы тиіс. Ал қажеттілік туындаған жағдайда - Президент Әкімшілігін қосқанда, республикалық деңгейге де шығарылуы керек», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Соңғы жаңалықтар