Атырауда «Бекіре-2016» операциясының қорытындыларын шығарды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда полицейлер 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Жайық-Каспий бассейні аумағында өткізілген «Бекіре-2016» операциясының қорытындыларын шығарды. Бұл операция балық және балық өнімдерін заңсыз аулау және айналымға шығаруды анықтау , алдын алуға бағытталған.

«Өткізілген шаралардың нәтижесінде облыстың ішкі істер департаментінің қызметкерлері балық қорын заңсыз айналымға шығарумен байланысты бұзушылықтың 355 фактісі анықталған. Соның ішінде балық аулау ережелерін бұзудың 302 фактісі, балық және балық өнімдерін заңсыз сатып алу және сатудың 7 фактісі, балық және балық өнімдерін заңсыз тасу және шығарудың 46 фактісі тіркелген. 354 заң бұзушы анықталып, олардан 15 347 келі балық, соның ішінде 421 келі бекіре балығы, 298 балық аулау құралы, 96 жүзу құралы алынды. 111 қылмыстық іс тіркелген. 302 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар
telegram