Атырауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда дзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Төртінші жарыс күнінде балуандар аралас командалық кездесуде сайысқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Жарыс барысында Жетісу облысының балуандары бірінші орын алды. Олар финалда Маңғыстау облысының спортшыларынан 4:3 есебімен басым түсті.

Екі облыс балуандары арасындағы бәсеке өте тартысты өтті.

Жетісу облысынан Іңкәр Төлепбероенова (57 келі), Мөлдір Нарынова (70 келі), Камила Берліқаш (70 келіден жоғары) жеңсе, Маңғыстау облысынан Асқар Нарқұлов (73 келі), Руслан Мұсаев (90 келі), Нұрдәулет Жарылқапов (90 келіден жоғары) жеңімпаз болды.

Осылайша 3:3 есебі тіркелді.

Қосымша белдесуде Мөлдір Нарынова өз командасына жеңіс сыйлады.

Үшінші орын Атырау және Алматы облысы балуандарына бұйырды.

Еске салсақ, бұдан бұрын алғашқы үш жарыс күніндегі нәтижені хабарлаған болатынбыз.