Дзюдодан ҚР чемпионаты: Үшінші жарыс күнінің жеңімпаздары кімдер
17 қарашада әйелдер арасында 78 және 78 келіден жоғары, ерлер арасында 90, 100, 100 келіден жоғары салмақта балуандар белдесті.
Олардың арасында ұлттық құрама сапында бақ сынап жүрген балуандар бабында екенін көрсетті.
Ақтөбелік Аруна Жангелдина 78 келі салмақта жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ, 90 келі салмақта Дидар Хамза да шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ал құраманың тағы бір мүшесі, жетісулық Камила Берліқаш 78 келіден жоғары салмақта финалда Алматы қаласының өкілі Ақерке Рамазановаға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
17 қараша күнгі жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
78 келі
1. Аруна Жангелдина (Ақтөбе облысы)
2. Назерке Тілеуханова (ШҚО)
3. Әсел Бисенбай (Қызылорда облысы)
3. Лаура Жәнібекова (Қарағанды облысы)
78 келіден жоғары
1. Ақерке Рамазанова (Алматы қаласы)
2. Камила Берліқаш (Жетісу облысы)
3. Альбина Бахиева (Шымкент)
3. Аида Тойшыбекова (Қарағанды облысы)
90 келі
1. Дидар Хамза (Түркістан облысы)
2. Айдар Арапов (Түркістан облысы)
3. Мухаммедали Мавлидов (Жетісу облысы)
3. Ерасыл Жаңатаев (Алматы тблысы)
100 келі
1. Бекарыс Сәдуақас (Жетісу облысы)
2. Бекзат Шағатаев (Атырау облысы)
3. Нұрлыхан Шархан (Қызылорда облысы)
3. Сұңғат Закарияев (Атырау облысы)
100 келіден жоғары
1. Әділ Оразбаев (Абай облысы)
2. Жамбыл Тұрғыналиев (Жамбыл облысы)
3. Серік Сәлменов (Павлодар облысы)
3. Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы)
Еске салсақ, бұдан бұрын алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары анықталды.
Сондай-ақ, екінші жарыс күнінің қорытындысы хабарланды.