Атырауда ел аумағына заңсыз келген шетелдік 6 айға сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ел шекарасынан заңсыз өтіп келген шетелдік 6 айға сотталды. Оған ел аумағына 5 жылға дейін кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде шетелдіктің ел аумағына заңсыз өткені анықталған.

«Құрманғазы аудандық полиция бөлімі қызметкерлері биылғы 21 сәуірде Өзбекстан Республикасының 44 жастағы азаматы жеке басын куәландыратын құжатсыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан қасақана заңсыз өткен белгілі болды. Атырау облысының Құрманғазы ауданы аумағынан ұсталған 44 жастағы шетелдіктің ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 7-бөлігінің (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) талабын бұзған. Оның бұрын ел аумағынан 5 жылға тысқары шығарылғаны анықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Құрманғазы аудандық сотының үкімімен Өзбекстан Республикасының азаматы кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Шетелдікке ел аумағына 5 жыл мерзімге келуге тыйым салынды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында уақытша тұруға рұқсат берілген шетелдіктер қатары көбейгенін хабарлаған болатынбыз.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері 17 337 шетелдікке уақытша тұруға рұқсат берілген.

Оның ішінде 2 514 адам алыс шетелдерден келгені анықталған. Сондай-ақ, ТМД елдерінен келген 14 823 адам тіркелген.


Соңғы жаңалықтар