Атырауда есірткі өсірген қылмыстық топтан 4 тонна марихуана, қару, киік мүйізі, бекіре тәркіленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында есірткі өсіретін үш плантацияда 31 адам ұсталды, оның 17-сі шетелдік, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ арнайы мақсаттағы күштерін тарта отырып, Атырау облысы прокуратурасының келісімі бойынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіруді ұйымдастырған қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.
Арнайы операция нәтижесінде 2021 жылғы 18 тамызда үш плантацияда 31 адам (оның 17-сі шетелдік), оның ішінде есірткі тобын ұйымдастырушы ұсталды», делінген хабарламада.
Заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам марихуана, 7 қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар тінту барысында браконьерлік жолмен алынған ақбөкен мүйіздері мен бекіре тұқымдас балықтар табылды.
«ҰҚТ әрекетінің жолын кесу үшін тынымсыз жедел жұмыс жүргізілді. Фигуранттардың есірткі қылмысына қатыстылығына бұлтартпас дәлелдемелерге қол жеткізілді, қылмыстық топтың құрылымы және қатысушылар арасында рөлдерді бөлуі анықталды», делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар