Атырауда мектептен ұрланған қару табылды

АТЫРАУ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Атырауда №7 орта мектептен ұрланған қару табылды.
None
None

Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова мәлім еткендей, қару - Калашников оқу автоматы және екі пневматикалық мылтық полиция қызметкерлерімен мектептің маңынан табылды.

Естеріңізге сала кетейік, тонаушылар мектепке кіріп, күзетшіні соққыға жығып, кейін оны байлап тастаған еді. Мектеп ішіндегі жабық есіктерден өту оларға аса қиындық тудырмаған. Қарақшылар есіктерді қарапайым балғамен ашып отырған. Олар әскери дайындық кабинетіне оңайлықпен кіріп, бұған дейін хабарланғадай, екі емес бір Калашников оқу автоматын, сондай-ақ екі пневматикалық мылтықты қолды еткен.

Бұл істі тергеумен және қылмыскерлерді іздеумен облыстық ІІД-нің жедел-іздестіру тобы айналысуда.

Соңғы жаңалықтар