Атырауда полицейді жарақаттаған ер адамға іздеу жарияланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында полицейді пышақтап, жарақаттаған ер адамға іздеу жарияланды.

Ресми емес дереккөздерден белгілі болғандай, келеңсіз оқиға Индер ауданындағы Индерборский кентінде орын алған. Еңбек демалысында жүрген 26 жастағы жол-патрульдік полиция қызметкеріне туындаған жанжал барысында пышақ салынған. Ол облыстық ауруханаға жеткізілді.

Атырау қалалық ІІБ полицейдің жарақаттанғанын растады. Оған ота жасалған. Осы оқиға бойынша тергеу басталды. Полиция қызметкеріне пышақ салған ер адамның кім екендігі анықталды. Ол 27 жаста. Іздеу жарияланды.

Соңғы жаңалықтар
telegram