Атырауда полицейлер мейрамханаларға тәулік бойы бақылау жүргізеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында орналасқан мейрамханаларға полицейлер тәулік бойы бақылау жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 14 мейрамхананың жұмысы полиция қызметкерлерінің бақылауына алынған.

«Мейрамханаларда отбасылық, мерейтойлық жиын-тойларды өткізудің алдын алу үшін тәулік бойы полицияның жаяу патрульдеу жасақтары жұмылдырылды. Мұндай шара облыс әкімдігінің коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатындағы нұсқамасына сәйкес қабылданып отыр. Қазір полиция қызметкерлерінің жаяу патрульдеу жасақтары Атырау қаласындағы ірі 14 мейрамхананың маңына тәулік бойы кезекшілік атқарады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының әкімі эпидемиологиялық ахуалдың күрделене түскен айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар