Атырауда сотталғандар мен құқық қорғау органдары арасында спартакиада басталды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түрме жүйесінің үшінші форумындағы ұсыныстарын жүзеге асыру аясында УГ-157/9 мекемесінде (жалпы режим, Атырау) сотталғандар мен құқық қорғау органдары арасында спартакиада басталды.

Бұл туралы Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің департаментінен хабарлады.  

«Түрме жүйесінің үшінші форумында сотталғандарды әлеуметсізденуі: «Сен қоғамға керексің! - Ты нужен обществу! - Society needs you!» туралы сөз болды. Осыған байланысты ҚАЖ облыстық прокуратурамен және облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасымен бірлесіп осы мәдени бұқаралық шараны ұйымдастырды.  Шағын футбол, шахмат және шашки бойынша біріншілікке жазасын өтеушілер ғана емес, 12-15 құқық қорғау органы қызметкерінен құралған командалар белсенді қатысты. Спартакиадаға барлығы шамамен 100 адам тартылды», - деп атап өтті Атырау облыстық ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары Ризабек Дәулетов.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне грамоталар мен бағалы сыйлықтар, ал жеңімпаз команда кубокке ие болады, деп қосты ол.

null null  

Соңғы жаңалықтар