Атырауда токқа түскен 10 жасар бала көз жұмды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда токқа түскен 10 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға кеше 30 қазанда болған.

«Полицияға 1953 жылғы азаматтан сағат 15:00 шамасында немересінің токқа түскені туралы хабар түскен. Кейін 10 жасар баланың ойнап жүріп, тоңазытқыштың артына тығылғаны анықталды. Сол кезде токқа түсіп қалған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жедел жәрдем қызметіне сағат 14:45-те хабар берілген. Жедел жәрдем бригадасы сағат 14:51-де жеткен. Жасөспірім жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмған.

Қазір аталған дерекке қатысты тексеру жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Жайық жағасынан әйелдің денесі табылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар