Атырауда «Урал» мен «Жигули» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты

АТЫРАУ. 21 қазан. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Атырау-Астрахань» тасжолында «Урал» автокөлігі «Жигули» автокөлігімен қақтығысып қалып, қақтығыс салдарынан жеңіл автокөліктің екі жолаушысы қаза тапты, ал жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.
None
None

Аймақтық ІІД баспасөз қызметінде хабарланғандай, автокөліктер қатты қақтығысып, «Урал» автокөлігі «Жигулидің» төбесіне шығып кеткен.

«Жигули» жүргізушісі көліктен шығып үлгерген. Әр түрлі деңгейдегі жарақаттармен ол ауруханаға жатқызылды. Жеңіл автокөліктің екі жолаушысы қаза тапты. Мүрделерді апат орнына шақырылған Батыс аймақтық жедел-құтқару отрядының мамандары шығарған.

Адамдардың қазаға ұшырауына себеп болған жол апатының себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар