Атырауда жағдайы ауыр 53 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясына шалдығып, жағдайы нашарлаған 53 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұдан бұрын Атырауда жансақтау бөлімінде 46 науқас жатқан еді.

Өңірдегі 2 428 орындық инфекциялық стационарларда 806 науқас емделу үшін оқшауланды.

Стационарлардағы жүктеме – 33.2%.

Жансақтау бөлімінде 108 орын бар.

«Қазір бұл бөлімде жағдайы ауыр 53 науқас жатыр. Науқастардың 7-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Мұндағы жүктеме 49%-ды құрап отыр», -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар