Атырауда жол ортасында жүрген жігіт КамАЗ көлігінің астына түсті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жол ортасында жүрген жігітті КамАЗ көлігі басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан жол ортасында үш жігіттің жүргенін және олардың бірі КамАЗ көлігінің астына түскенін көруге болады. Оны жүк көлігінің астынан екі жігіт тартып шығарған.

Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен тергеу басталғанын мәлім етті.

«Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына (Тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерi) сәйкес жариялауға жатпайды.

Бұдан бұрын Атырауда түн ортасында төбелескен екі жігіттің ісі сотқа жолданғанын жазған болатынбыз .

Төбелескен жігіттердің әрекеті камераға түсіп қалған. Патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, екі ер адамды ұстады. Оның бірі – Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласының, екіншісі Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны екені анықталды.

Алкогольдік ішімдік ішкен екі жігіт бір-бірімен жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан. Сол себептен, тәртіп сақшылары оларды медициналық сараптамадан өткізуге шешім қабылдаған. Медициналық сараптаманың қорытындысымен төбелесқұмарлардың орта дәрежелі мас күйде екені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар