Атыраудың бірнеше шағынауданында 5 күн ыстық су болмайды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау қаласының бірнеше шағынауданында ыстық су беру 5 күнге тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметінше, ыстық су беру бүгін, 5 маусымда тоқтатылды. Бұл үзіліс 9 маусымға дейін жалғасады.

««Атырау жылу жүйелері» АҚ 2023 жылғы 5-9 маусым аралығында күрделі жөндеудің жоспарлы кестесіне сәйкес жылу пункттерінің жабдықтарын тексеру жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты кейбір мекен-жайлар бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылады», -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, Атырау қаласындағы үш жылу беру пунктінде тексеру жүргізіледі. Сол себептен, мұнайлы шаһардағы СМП-136 шағын ауданындағы 9, Вокзал маңы-5 шағын ауданында 29, М.Баймұханов көшесінде 18, Берғалиев көшесінде орналасқан 5, Огородная көшесіндегі 16 тұрғын үйлерге ыстық су берілмейді.

Еске сала кетелік, бұған дейінАтырауда үш күн қатарынан ыстық су болмайтынын жазған едік.

Кейін шаһардың бірнеше шағын ауданында ыстық су уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ, ыстық су тағы бірнеше күн берілмегенін хабарлаған болатынбыз.

Жөндеу жұмыстарын Атырау қаласындағы үш жылу беру бекетінде жүргізілді. Сол себептен, шаһар орталығындағы Әліпов, Махамбет, Азаттық, Амангелді, Смагұлов, Досмұхамбетов, Яблочная көшелерінде орналасқан көпқабатты 30 үйдің тұрғындары ыстық сусыз отырады. Сондай-ақ Авангард-3 шағын ауданындағы көпқабатты 31 үйге ыстық су уақытша берілмеген еді.


Соңғы жаңалықтар
telegram