Ауа райы: 13 қарашада еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ болады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз Жетісу облысының орталығында, шығысында нөсер жаңбыр жауады, таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Облыстың шығысында, таулы аудандарда батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Павлодарда 13 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Астанада 13 қарашада тұман, көктайғақ болады деп болжанады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман және орталығында тұман түседі.
Түнде Ұлытау облысының шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.
Қызылорда облысының орталығында тұман болады.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта 13 қарашада батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде 13 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде 13 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түседі.
13-15 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман болады деп болжанады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Қарағандыда 13 қарашада түнде көктайғақ болады деп болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 13 қарашада солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады.
Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі, көктайғақ болады.
Көкшетауда 13 қарашада тұман, көктайғақ болады.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болатынын жазған болатынбыз.