06:30, 07 Қазан 2025 | GMT +5
Ауа райы болжамы: таулы аймақтарда аяз болады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжауынша, ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклон жотасы ықпал етіп жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республикамыздың солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар жауады.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда - тұман, оңтүстігінде - шаңды дауыл болады.
Алматы және Жетісу облысында 1-6 градус үсік жүреді. Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус аяз болады.
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.