Ауа райы бұзылып, екі облыста жол жабылды
АCТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
Бүгін, 29 желтоқсан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді:
Ұлытау облысы:
- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автомобиль жолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейін).
Қызылорда облысы:
- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін).
Жолды 2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін Ақтөбе, Қызылорда және Жетісу облыстарында жол қозғалысы уақытша шектелгенін жазған едік.